«ҚазТрансГаз Аймақ» Қызылорда өндірістік филиалы 1,4 млрд теңге негізсіз табыс тапқан, – деп хабарлайды AstanaTV.
Табиғи монополияларды реттеу департаменті бекіткен тарифті жоғарылату арқылы, халықтан артық төлем алып келген. Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, филиал тұтынушылардан алған артық ақшаны газдың бағасын төмендету арқылы қайтармақ.Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Жанат Оспанова: «2019 жылдың қараша айында тарифті 34,6 пайызға төмендету туралы бұйрық шығарған. Ол бұйрық 5 жылға бекітілген тариф және 2020 жылдың қаңтар айынан қолданылуы тиіс болған. Алайда «ҚазТрансГаз Аймақ» сол күйінше халыққа бекітілмеген тарифпен қызмет көрсетуді жалғастыра берген. Қайтару үшін, 44 пайызға тағы да түседі деп отырмыз», – деді.
Бұған дейін Жаңаөзенде газ бағасының қымбаттауы қаңтар көтерілісіне ұласқанын жазған болатынбыз.