Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, электронды білезік арқылы шартты түрде сотталғандар мен педофилдерді қадағалайды.
Жаңа әдіс 1 наурыздан бастап қолданысқа енеді.«Сотталған адамды жеке есепке қою кезінде немесе жазаны орындау кезеңінде оның жеке басын сипаттайтын мәліметтерді қамтитын электронды бақылау құралы қолданылатын адамдардың тізімі жасақталады. Бұл ретте бас бостандығын айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталған адамға қатысты электронды бақылау құралдарын бір жыл мерзімге, ал шартты түрде сотталған адамға қатысты пробациялық бақылау сотының қаулысымен белгілі бір мерзімге ұзарту мүмкіндігін қолдана отырып, шешім қабылданады» делінген ресми мәліметте.Жазасын өтеушілер білезікті бүлдірсе, жауапқа тартылады.
Осыған дейін ай сайын 10 мың теңге жұмсап, түрмеден шыққан педофилдерге электронды білезік тағатынын хабарлаған болатынбыз.