Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті.
Доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 3,23 теңгеге өскен. Доллардың орташа бағамы 437,35 теңге болды.Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы бойынша 1 доллар 433, 39 теңге болды. Алматыда доллар 437,08 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,89 теңге. Астанада доллар 436,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 438, 48 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банк өкілі мұнай бағасы көтерілсе де, теңгенің құнсызданғанын түсіндірген еді.