Қызылордада АН-2 ұшағы өртенді
Қызылордада АН-2 ұшағы өртенді
© inform.kz
128
оқылды
Қызылорда облысында АН-2 ұшағы өртенді, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
«Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерге қону кезінде «Тараз Жаңа Әлем» жеке авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда – Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындады», – делінген ведомство хабарламасында.
Бортта экипаждың 2 мүшесі және 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетін болады. Ан-2 – кеңестік жеңіл көп мақсатты ұшақ. Ол ауыл шаруашылығы, спорт, көлік, жаттығу, жолаушылар ұшағы ретінде қолданылады.