Жұмыссыз жүрген Асқар Мырзахметов лотереядан Toyota Camry ұтып алды
Жұмыссыз жүрген Асқар Мырзахметов лотереядан Toyota Camry ұтып алды
321
оқылды

«Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» демекші, Асқар Мырзахметов есімді шымкенттік азамат лотерея ойнап, көлік ұтып алды.

–  Түбі бір жеңіске жететініме сендім. «Үмітсіз шайтан» дегендей, үмітіңіз үзілмесін. Кім біледі, бәлкім, мен секілді ұтысқа да жетуіңіз мүмкін, –  дейді Асқар Мырзахметов. Айтуынша, оның үзбей лотерея ойнап жүргеніне 20 жыл болған. Негізінен тираждық лотереяны ойнағанды ұнатады. «Әзірге жұмыссызбын. Бірақ көлік қажетіме жарады. Қазір су жаңа Toyota Camry 75 гаражымда тұр», – деді жеңімпаз.