Алматыда қарт адамдарды алдаған “әлеуметтік қызметкер” ұсталды
Алматыда қарт адамдарды алдаған “әлеуметтік қызметкер” ұсталды
Алматыда қарт адамдарды алдаған “әлеуметтік қызметкер” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әйел өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарт адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын ұрлап кеткен.
– Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Жәбірленушілердің айтуынша, әйел пәтерге кіріп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырып, қандай да бір жәрдемақы аламын деген желеумен ірі көлемде ақша айырбастап беруді сұраған, әңгімелесуші бөлмеге кіріп кеткен кезде ол ақшаны ұрлаған. Келтірілген залал әртүрлі соманы құрады: бір зейнеткер ас үйге барып келгенше, қаскөй 1 миллион теңгені ұрлап, барлық ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта ұсталғанға қатысты екі бірдей эпизод дәлелденді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Екі жәбірленуші – 1929 және 1930 жылы туған зейнеткерлер, күдіктіні таныды. Бірақ полиция қызметкерлері жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екеніне сенімді. Суретте көрсетілген әйелдің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды полиция мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8-708-707-92-02; 8-705-555-77-63; 8-775-719-27-27.