Мейіржан Төребаевтың ісі: Қылмыстық істе өзгерістер пайда болды
Мейіржан Төребаевтың ісі: Қылмыстық істе өзгерістер пайда болды
© inform.kz
191
оқылды
Mudarabah Capital және AstexKZ қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқан ІІМ ЖҚД қызметкерлері 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлады orda.kz. Алдын ала мәлімет бойынша 4 ақпанда құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері ұсталған. Ол қылмыстық іске қатысушылардың бірінен пара алды деген күдікке ілінген. Алайда Алматы ПД бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Алматы полиция департаменті өзгелердің ақшасын алдап иемденген ер адамның ұсталғанын растайды. Бұл фактіні қазір Алматы ПД жеке қауіпсіздік басқармасы тергеп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Күдіктінің құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Осы оқиғаларға байланысты қаржы пирамидаларына қатысты істі соңғы 10 айда тергеген жедел тергеу тобының жетекшісі істен шеттетілді, – деп жазады Чиновник Telegram-арнасы. Іс жедел тергеу тобының жаңа жетекшісіне берілді, танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жәбірленуші емес,  күдікті болып өзгертілді.