Әділбек Жақсыбеков «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
Әділбек Жақсыбеков «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
© inbusiness.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 18 ақпандағы шешіміне сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Осы шешіммен Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланды. Ернат Бердіғұлов – «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Е.К. Бердіғұлов, Н.Ю. Казутин, А.А. Нұрғазиев, С.Ж. Жаманбалин.