Қорғаушы “Дикий Арман” әлдекімнің басына тапанша тақағаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді
Қорғаушы “Дикий Арман” әлдекімнің басына тапанша тақағаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді
271
оқылды
Дикий Арман” атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қорғаушысы Талғат Есімов қара киім киіп, қолын ақ матамен таңып, мылтық ұстаған жігіттердің жанында ер адамның басына мылтық тақайтын видеосына қатысты пікір білдірді.
"Бұл видеода ер адамды күшпен әкеліп, тамақ ішіп отырған екінші бір адамның алдына отырғызады. Тамақ ішіп отырған адам қаруға ұқсайтын бір нәрсемен алдына келген адамды қорқытқан. Бұл видеоның қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. Бұл Арман Жұмагелдиев болуы мүмкін деген сыбыс шындыққа жасапайды”, – дейді Есімов.
Ол интернетте әртүрлі ақпараттарды өңдеуге болатынын, бұл видеодағы адамның Жұмагелдиев екенін дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқ екенін айтты.
"Интернетте графикалық бейнелерді монтаждайтын көптеген фильмдер бар, кез келген адамның жағымсыз бейнесін жасау үшін бәрін істеуге болады. Осылайша қоғамда жалған ақпарат таратып, адамды жағымсыз жағынан көрсетеді. Мен мұндай ақпараттар арнайы бір тұлғалардың тапсырысы бойынша жасалатынына сенімдімін", – деді қорғаушы.