Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-23.02.2022
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды-23.02.2022
213
оқылды
Синоптиктер жеті облыста дауылды ескерту жариялады. Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сонымен бірге Қарағанды, Жезқазған қалаларында тұман болады. 24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында және Петропавлда аздаған бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігін тұман басады. 24-26 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болады. 24 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Орал қаласында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен батысын тұман басады. Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және Ақтөбе қаласында да тұман. 24 ақпанда батыста, шығыста, Атырау облысының орталығында және Атырау қаласында тұман болады.