22 ақпан күні Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы тұрғын хабарласқан, деп жазады ҚазАқпарат. Ол Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі құмды аумақта, бұрынғы әскери полигон аумағында снаряд жатқанын жеткізген.
«Снаряд анықталған жерге тез арада полиция департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Снаряд «ОФАБ-100» моделінің жарықшақты-фугасты әуе бомбасы екені анықталды», - деп түсіндірді ведомстводан.