Алматы ауруханасында дәрігердің күртешесі мен аяқкиімін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдаған. Жылы киімі мен аяқкиім болмағандықтан ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін қолайлы киімдерді киіп кеткен. Белгілі болғандай бұл – хирург-дәрігердің заттары екен. Бейнебақылау камераларының, сондай-ақ арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның кім екені анықталды. Күдікті ұсталды», – дейді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.https://www.youtube.com/watch?v=cCCHnLAfaBo&feature=emb_title Заттар өз иесіне қайтарылды.