Эпидемиологиялық ахуал: «қызыл» аймақта бір-ақ өңір қалды

Эпидемиологиялық ахуал: «қызыл» аймақта бір-ақ өңір қалды

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Бір тәулікте 566 адамнан коронавирус анықталды.