Киевтен Қазақстан азаматтарын эвакуациялап жатыр

Киевтен Қазақстан азаматтарын эвакуациялап жатыр

Украинадағы ахуалға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі отандастарымызды эвакуациялап жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекенжайы бойынша және +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 телефондары арқылы хабарласа алады.
Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңсесіне жүгіне алады.

Сыртқы істер министрлігінде азаматтарымыз +7 (7172) 72-06-06 телефонына хабарласа алады.