Елбасының ескерткішін қалпына келтіру күн тәртібінде тұрған жоқ - Бозымбаев

Елбасының ескерткішін қалпына келтіру күн тәртібінде тұрған жоқ - Бозымбаев

Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш әлі қалпына келтіріліп, орнына қойылмаған, – деп хабарлады halyq-uni.kz Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді. Жиында Елбасыға қойылған ескеркішті қайта қалпына келтіру жайы да сөз болды.

Бұл сұрақ күн тәртібінде тұрған жоқ. Шынын айтқанда, жаңа ескерткіш жасамасақ, ескерткішті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Быт-шыты шыққан, – деп қысқа қайырды аймақ басшысы.
Талдықорған алаңында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші 2016 жылы қараша айында орнатылған болатын. Қоладан құйылған монументтің биіктігі – 8,5 метр. 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Елбасының ескерткіші қиратылды. Бұған дейін Президент Елбасының ескерткішін қиратқаны үшін арқасына үтік басылған белсендіге қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.