Алматы мен Нұр-Сұлтанда ата-аналарға балабақшада өтетін ертеңгіліктерге қатысуға рұқсат берілді

Алматы мен Нұр-Сұлтанда ата-аналарға балабақшада өтетін ертеңгіліктерге қатысуға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтанда ата-аналарға балабақша мен мектептердегі ертеңгіліктерге қатысуға рұқсат берілді. Балалар мерекесі бір ұжым шеңберінде ғана өткізіледі,  оған Ashyq-та "көк" және "жасыл" мәртебесі бар ата-аналар ғана қатыса алады.

"Мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарда сыныптар мен топтарды біріктіріп, жаппай іс-шара өткізуге рұқсат берілмейді. Білім беру нысандарында топ шеңберінде, яғни бір топта бір шара өткізуге болады. Ashyq жүйесінің талаптарын сақтаған ата-аналарға шараға қатысуға рұқсат беріледі" – деді елорданың Бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова брифингте.
Алматы бас санитары дәрігерінің орынбасары Садуақас Байғабыловтың айтуынша, Алматыда осыған ұқсас ережелер сақталады.