Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында Президентке еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалы жөнінде және Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету үшін Ұлттық банкпен бірлесіп қабылдаған шаралар туралы баяндалды.
Әлихан Смайылов кәсіпорындарға апаратын теміржолдарға ие табиғи монополиялар нысандарына белгіленген тарифті төмендету, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жүйесін және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру мәселелері туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар Премьер-министр Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуы және 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындық жұмыстары жөнінде есеп берді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Украинада жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізгенін жазған болатынбыз.