Бетперде киген адам ауыр науқасқа шалдыққан әйелдің несиесін төлеп берді
Бетперде киген адам ауыр науқасқа шалдыққан әйелдің несиесін төлеп берді
Фото: Instagram
Орал тұрғыны қиын жағдайға тап болған. Бүгінде ол жатақхананың шағын бөлмесін жалдап тұрады.  Тұрғын сүт безі обырына шалдығып, емделу үшін несие алыпты. Енді банк алдындағы қарызын өтеу қиын болып отыр. Осындай қиын сәтте оған бетперде киген адам көмекке келді. Тұрғынның несиесін жабу үшін оған қайырымды жандар қаржы жинаған. Конвертті берген кезде, әйел көз жасына ерік берді. Әлеуметтік желіде chelovekvmaske атымен белгілі бетперде киген адам бұған дейін де көптеген қайырымды іс атқарған. Желі оқырмандары оның игі ісіне алғыс білдіріп жатыр.