Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады
Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады
Киев, Украина (Фото: Ефрем Лукацкий / AP)
227
оқылды
Қазақстанның Украинадағы елшілігі сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жасады. 
«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Әскери қауіпке байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын қатаң түрде орындауды, оның ішінде жақын маңдағы паналау орнына (бомба баспанасы, жерасты өткелі, жертөле, жерасты тұрағы, жерасты тоннель және т.б.) дереу жетуді ұсынамыз. Қауіпті сәтте сіз тұрғын үй-жайда қалсаңыз, жарықтандыруды толығымен өшіріп, терезелерге жақындамаңыз және ең қауіпсіз орында болыңыз. Ауыз су мен азық-түлікті алдын ала жинақтауға тырысыңыз», –  делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы елшісінің сол елдегі қазақстандықтарды эвакуациялау жоспарын жазған болатынбыз.