Мұнай бағасының өсуі бензин құнына әсер ете ме? - Министр жауап берді
Мұнай бағасының өсуі бензин құнына әсер ете ме? - Министр жауап берді
240
оқылды

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстандағы жанармай бағасына қалай әсер ететінін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір бізде мұнай бағасы белгіленген, реттеліп отыр. Ішкі нарықтағы мұнай бағасының әлемдік бағамен ешқандай байланысы жоқ. Тіпті халықаралық баға өссе де, іштегі бағаға тікелей әсері болмайды. Біз іштегі баға өседі деп күтіп отырған жоқпыз», - деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, елдегі мұнай өнімдері өз шикізатымыздан әрі өз зауыттарымызда өңделетіндіктен, сыртқы нарықтағы бағаға тәуелді емес.
«Сыртқы нарықта жыл басында мұнайдың бағасы 80 доллардан төмен болса, қазір 100-ден асып тұр. Ал іштегі баға өзгерген жоқ. Тарихи өлшеммен қарасақ та халықаралық нарықтағы экспорт бағасы мен мұнай өнімдерінің ішкі бағасының арасында корелляция жоқ. Өйткені біз жанармайды өз мұнайымыздан, өз зауыттарымызда өндіреміз. Егер импорттаған болсақ, шынымен де өте қатты тәуелділік болар еді. Бірақ біз өзіміз өндіреміз. Яғни, бізде ішкі бағаны ұстап отыру мүмкіндігі бар», -деді Энергетика министрі.