Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарлануда – СІМ
Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарлануда – СІМ
227
оқылды
Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарлануда, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары. 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр", - делінген СІМ хабарында.
Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.
"Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49", – делінген хабарламада.