4-13 наурыз аралығында өтетін Бейжіңдегі XIII қысқы Паралимпиада ойындарына 5 қазақстандық спортшы қатысады. Атап айтқанда, төртжылдықтың басты додасында Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренкоға сенім артамыз. Қазақстан паралимпиадашылары екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: парабиатлон және парашаңғы. Айта кетейік, биыл Паралимпиада ойынына 50 мемлекеттен келген ең үздік 700-ден астам спортшы қатысады деп болжанып отыр. Әлемдік жарыстың ашылу салтанаты 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де өтеді. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Туын әлем кубогының қола жүлдегері Ербол Хамитов ұстап шығады.
Әбілмансұр ЖАСАН