Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы Telegram мессенджер платформасында JasProKrg ботын құрды. Ол жастарға жұмысқа орналасу, вакцинация, волонтерлік және дебаттық қозғалыстар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау туралы өзекті сұрақтарға жауап алуға көмектеседі. Ай сайын бот жаңа ақпаратпен толықтырылады. – Жастар үшін ақпараттың негізгі көзі әлеуметтік желілер екені туралы нақты түсінік бар. Көбіне олардың функционалдығы жарияланымдармен және түсініктемелерде хат алмасумен шектеледі. Жастарға түрлі бағыттар бойынша ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін былтыр көктем айында бот құрылды. Оның көптеген мүмкіндігі бар. Олардың қатарында облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының байланыс деректерін ұсыну қызметі бар, – дейді Қарағанды облысының Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Біржан Әлімжанов. Пайдаланушылар бастапқы мәзірден оларды қызықтырған бөлімге өтіп, толық ақпарат ала алады. Қазір бот волонтерлік қозғалысқа қосылуға мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің ерікті ұйымыңызды тіркей аласыз немесе бұрыннан бар ұйымға қосыла аласыз. Осы жерде қандай да бір іс-шараны өткізу үшін коуоркинг орталыққа өтінім қалдыруға болады Басқарманың барлық ірі жобалары туралы ақпарат та жалпыға ортақ ұсынылып, онымен танысу үшін ыңғайлы орналастырылған. Олардың арасында Қарағанды облысы әкімінің гранттары да бар. Біржан Әлімжановтың айтуынша, боттың негізгі қызметі – жұмысқа орналастыру туралы бөлім. «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға!», «Алғашқы жұмыс орны», «Жасыл ел», «Қоғамдық жұмыстар» жастарға уақытша да, тұрақты да жұмыс табуға мүмкіндік береді. Боттың басты артықшылығы – оны пайдалану оңай, әрі мобильді және жұмыс үстелінің барлық платформаларында қолжетімді. Сондай-ақ Telegram-да JasProKrg_chat құрылды, онда сіз сұрақ қойып, мамандардың толық жауабын ала аласыз.