25 ақпанға арналған ауа райы болжамы
25 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа райы құбылмалы болады.

Қар жауып жаяу бұрқасын соғады. Батыста қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде – көктайғақ, батысында, оңтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман, солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.