Наурыз мерекесінде жолаушылардың көбеюіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» хабарлады.
Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» бағытындағы №202/201 пойызы елордадан 2022 жылғы 18, 21 және 24 наурызда жөнелтіледі. Шымкенттен 2022 жылғы 19, 21 және 25 наурызда кері қайтатын болады; – «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» бағытындағы №204/203 пойызы елордадан 2022 жылғы 18 және 21 наурызда жолға шығады. Сол пойыз 2022 жылғы 19 және 22 наурызында кері қайтады; – «Ақтөбе – Атырау» бағытындағы №206/205 пойызы Ақтөбеден 2022 жылғы 18 және 20 наурызда, ал Атыраудан 2022 жылғы 19 және 21 наурызда жолға шығады; – «Алматы-2 – Шымкент» бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 2022 жылғы 18 және 20 наурызда жөнелтіледі. Бұл пойыз 2022 жылғы 19 және 21 наурызда кері қайтады. Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ашылғанға дейін төрт халықаралық пойыздың маршруттары уақытша қысқартылды. Олар облысішілік қатынаста жүретін болады: – «Алматы-2 – Саратов» бағытындағы №7/8 пойызы Орал станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2022 жылғы 1 наурыздан тақ күндері, Оралдан Алматыға 2022 жылғы 4 наурыздан жұп күндері шыға бастайды; – «Қарағанды – Омбы» қатынасындағы №145/146 пойызы Петропавл станциясына дейін қысқартылды. Бұл құрам Қарағандыдан Петропавлға және кері қарай 2022 жылғы 2 наурыздан бастап жұп күндері жүретін болады; – «Алматы-2 – Новосибирск» бағытындағы №301/302 пойызы күнара жүрумен Семей станциясына дейін қысқартылды. Ол Алматыдан 2022 жылғы 2 наурыздан бастап жұп күндері жолға шығады. Кері бағытта дәл осы пойыз 2022 жылғы 3 наурыздан бастап тақ күндері жүре бастайды; – «Атырау – Астрахань» бағытындағы №625/626 пойызы күнара қатынаспен Дина Нұрпейісова станциясына дейін қысқартылды. Атыраудан кері бағытта құрам 2022 жылғы 2 наурыздан бастап жұп күндері жүреді.