Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін айтып, мәлімдеме жасады, – деп жазады Zakon.kz. Дереккөздің жазуынша, енді ол қайырымдылықпен айналыспақ.
«Парламент Мәжілісіндегі депутаттық өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық бағытта қайырымдылық шараларға мән беруге шешім қабылдадым. Nur Otan партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, маған сенім артқан әріптестеріме, ел басшысына алғыс айтамын», – деді Дариға Назарбаева.Сондай-ақ ол Қаңтар оқиғасын тілге тиек етіп, ел үшін еңбек ететінін айтты.
«Отан үшін, елдің тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Еліме, оның мүддесіне қызмет етемін. Халық үшін қызмет етуге белгілі бір лауазым қажет емес», – деді Дариға Назарбаева.
Бұған дейін Дариға Назарбаеваның Мәжіліс отырысына не үшін қатыспағаны белгілі болған еді.