Алматыда митингіден бас тартқан ер адамды өртеп жіберген
Алматыда митингіден бас тартқан ер адамды өртеп жіберген
Фото: sputnik.kg

Қаңтар оқиғасында митингіге шыққан адамдарға қосылудан бас тартқан ер адамды өртеп жіберген. Бұл туралы халықаралық заңгерлік компанияның мамандары айтты, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда ер адам күйік шалып, көз жұмған. Алайда оның туыстары заңға жүгінуден бас тартып отыр екен.
«Митинг уақытысында бір топ кісі алдынан шығып, митингіге шақырғанда бармай қойған. Сосын оны өртеп жіберіпті. Үстіне бензин шашып, сіріңке лақтырып өртеген деп естідім. Алайда нақты сол істі жүргізбегендіктен анығын білмедім. Бұл туған әпкесінің айтуы. Марқұмның баласы жетім, әйелі жесір қалды», – деді халықаралық заңгерлік компанияның директоры Ғабит Өмірбеков.
https://youtu.be/CNKv4WgqRJE

Бұған дейін Қаңтар оқиғасына қатысқан полицей «Аяғым терісіне ілініп тұр екен» деген еді.