Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы бүгін тағы да өсті.
Сауда-саттықта доллар бағамы 24 ақпан кешімен салыстырғанда 6,23 теңгеге өскен. Доллардың орташа бағамы 472,24 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінгі күнге ресми бағамы – 1 доллар үшін 465, 99 теңге. Алматыда доллар 467,43 теңгеден сатылса, сатып алу – 472,46 теңге. Астанада доллар 465,49 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 470,90 теңге.Кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ке көтерді.