Президент Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын» делінген Президент Жарлығында.Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауылда туған. Заңгер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі, генерал-майор. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1991-1993 жж. Қарағанды облысы Теміртау қалалық прокуратура органдарында, 1993-1997 жж. ҚР Бас прокуратурасында, 1997-1998 жж. Қазақстан Мемлекеттік тергеу комитеті, кейін Қазақстан Ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы, 1998-2001 жж. Тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2001-2003 жж. Қазақстан Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы, 2003-2006 жж. Павлодар облысының прокуроры қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Түркістан облысының прокуроры. Қазақстанда жоғары дәрежелі бірнеше медальмен марапатталған. Ресейдің мемлекеттік «І Петр» және «Адмирал Кузнецов» атындағы медаль иегері.