Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады. Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен Ресей премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.