Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Құрметті достар! Бүгін «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі.
Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды.
Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді", – деп жазды ол.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваны Мәжіліс депутаты қызметінен босатқанын жазған болатынбыз.