Азаматтық авиация қазір Украинадағы соғыс аумағын айналып ұшуға тырысып жатыр. Сондықтан Батыс Қазақстан облысының аспанында ұшақтар қаптап кетті, - деп жазады "Экспресс К".
Еліміздің батысының аспанында ұшып жатқан рейстердің көпшілігі — Ресей қалаларынан болып шықты. Мысалы, Сочи — Санкт-Петербург, Нальчик — Мәскеу, Грозный — Мәскеу, Қазан — Стамбұл бағытында ұшып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, Атырау аспанында топтасқан авиалайнердің ізі толық көрінеді. Бұл ретте РФ оңтүстігінде әуежайлардың көпшілігі жұмысын тоқтатып, 180 рейс тоқтатылған. Минсктен ұшатын ұшақтар азайған.
Украинаның әуе кеңістігін айналып өтетіндіктен, көптеген халықаралық рейстердің ұшу уақыты бір сағатқа ұлғайтылған.
Қазақстан Украинаға рейстерді 7 наурызға дейін тоқтатты.