Кентау қаласының әкімі ұсталды
Кентау қаласының әкімі ұсталды
342
оқылды
Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі М.Д-ға қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.