Алматы полициясының метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған. Оны бұзақылар тізерлеп отырғызып, тепкінің астына алған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Формамды алып өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай – Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды”, – деді тәртіп сақшысы. Қаскөйлер полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған.https://www.youtube.com/watch?v=n5LxtLDhRB0&feature=emb_title Полиция қызметкерінің айтуынша, оны өзінің әріптестері құтқарып қалған.
“Әріптестеріме рақмет. Қазір сол кісілердің арқасында аман-сау тұрмын. Барлығымыздың анамыз бар. Оларға да оңай емес екен, өз баласын соққының астында көрген”, – деп атап өтті ол.