63 миллион жымқырған қызметкер жазаланады
63 миллион жымқырған қызметкер жазаланады
149
оқылды
Өскеменде мамандандырылған балалар үйінің директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңгені жымқырды деген айыппен сотталды. Өскеменнің №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бүгін шықты. «Өскемен қаласын­дағы мамандандырылған балалар үйі» КМК-да 2015-2019 жылдар ара­лығында балаларға бөлінген бюд­жет қаражатын жымқыру дере­гі болғаны анықталды. «Өскеменнің № 2 соты қыл­мыстық істі қарауға кірісті. Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйі­нің бұрынғы қызметкерлеріне – экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына та­ғыл­ды. Олар 2015 жылдың науры­зы­нан 2018 жылдың желтоқ­санына дейін 63 миллион теңге жымқыр­ған», – деді Шығыс Қазақ­стан облыстық соты төраға­сының мін­детін атқарушы Қайрат Шақ­пан­таев. Сот мәліметінше, оларға Қыл­мыстық кодекстің 189-бабы бойын­­ша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

А.ЖАСАНҰЛЫ