UEFA ұйымы Чемпиондар лигасының осы маусымдағы финалының Санкт-Петербордан Парижге ауыстырылғанын хабарлады. Ресей әскерлерінің Украинаға соғыс ашуына және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмеуіне байланысты UEFA Атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. «UEFA Атқару комитеті Чемпиондар лигасының 2021/2022 жылғы финалын Санкт-Петербордан Сент-Денидегі «Стад де Франс» стадионына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Турнирдің шешуші ойыны жоспарланғандай 28 мамырда өтеді. Аталған ұйым Франция президенті Эммануэль Макронға бұрын-соңды болмаған дағдарыс кезінде Еуропадағы футболдың ең беделді ойынын Францияда өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді», – деп жазды ұйымның баспасөз қызметі.
А.ЖАСАНҰЛЫ