Жоғалған адамның мүрдесі табылды
Жоғалған адамның мүрдесі табылды
245
оқылды
Бұған дейін жоғалып кетті деп хабарланған Павло­дар облысы Железинка ауданының 28 жас­та­ғы тұрғыны Дүйсеке ауылынан үш шақырым жерде өлі күйінде табылды.  Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, оқи­ғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Мәйіт­тен азаптау белгілері анық­­талды. Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі ер адам 14 ақпан күні хабарсыз кеткенін хабарлады. Бір аптадан кейін, яки 20 ақпан күні оның мүрдесі табылған. Аталған қылмысты жасады деген күдікке Железинка ауылының үш тұрғыны іліккен. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2 бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.