Жапаров жерлеу рәсімінде мал союға тыйым салу жөнінде жарлық шығарды
Жапаров жерлеу рәсімінде мал союға тыйым салу жөнінде жарлық шығарды
Сурет: СС0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 24 ақпанда өлім болған үйде мал союға тыйым салу жөнінде жарлық шығарды. Ол Facebook парақшасы арқылы бұл талап барлық азаматқа бірдей тиісті екенін жеткізді. 

Президент жарлықтың орындалуын бақылауды жергілікті арнайы басқару органдарының өкілдерінен бастап Ақ үй қызметкерлеріне деп тапсырды.
"Қолында ештеңесі жоқ, байлармен бәсекелесу үшін қолындағы жалғыз малды сойып, жақынын соңғы сапарға шығарып салып, соңында өздері ештеңесіз қалған жағдайлар жиі кездеседі", - деп жазды Жапаров.
Осының алдында Жогорку Кеңештің бірқатар депутаты той-думанды шектейтін заң жобасын әзірлеген. Онда "марқұмды соңғы сапарға шығарып салу саны шектеусіз болады және онда мал сойылмайды. Ал марқұмды еске алу шараларына 100-ден 300-ге дейін адам болуы тиіс" деген жоба бар. Заң жобасында бұл талаптарды бұзғандар жауапқа тартылады, егер мемлекеттік қызметкер болса, жұмысынан шығарылады деп жазылған. 28 ақпанда парламенттің Жогорку Кеңештің Әлеуметтік саясат комитетінде бұл заң жобасы туралы парламенттік тыңдау өтеді.