Жұмадағы жақсылық: жалғызбасты анаға пәтер кілті табысталды
Жұмадағы жақсылық: жалғызбасты анаға пәтер кілті табысталды
Фото: видеодан скриншот
«Хабар» Агенттігі» мен «Харекет» қорының қолдауымен «Түнгі хабар» бағдарламасында жұма сайын қайырымдылық іс-шарасы өтеді. Жоба аясында бірнеше отбасы баспаналы болып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп жүр. Қасиетті жұма күні Гүлдана Қалдыбаеваға да пәтер кілті табысталды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Гүлдана Қалдыбаева – үш баланың анасы. Күйеуі 9 жыл бұрын дүние салып, тіршілік қамыты жалғыз өзінің мойнына түскен. Қазір оны бауыр еті балаларының денсаулығы қинайды. Бар жиған-тергенін де осылардың еміне жұмсайды. Тұрмыс тауқыметін тартқан жалғысбасты ана баспаналы болуды жылдар бойы армандап келген еді. Жанашыр қауым жалғызілікті ананың жағдайын естіп, көмек қолын созды. «Хабар» Агенттігі мен «Харекет» қорының қолдауымен «Түнгі хабар» бағдарламасы аясында әр жұма күні қайырымдылық шарасында Гүлдана Қалдыбаеваға пәтер кілті табысталды. Ол арманы орындалған күні қуаныштан көз жасына ерік беріп, жанашыр жандарға ал,ысын білдірді.