Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі әскери қимыл кезінде қаза тапқандар мен жараланғандардың санын жариялады. Бөлім басшысы Виктор Ляшко Украинадағы бірде-бір аурухана жабылмағанын, барлығы жұмыс істеп, медициналық көмек көрсетіп жатқанын айтты. Ляшко соғыс қимылдары кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар саны туралы жедел мәліметтерді жариялады.
"Өкінішке қарай, жедел деректер бойынша бізде 198 адам қаза тапты, оның ішінде үш бала бар, 1 115 адам жараланды, олардың 33-і – бала", – деді Украина Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.Ляшко сонымен қатар дәрігерлерге алғысын білдіріп, елдің медициналық жүйесі жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар министрлік ауруханаларды қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету үшін бәрін істейтінін жеткізді.