Халықаралық турнирде алғаш рет Қазақстанның Әнұраны шырқалды – видео
Халықаралық турнирде алғаш рет Қазақстанның Әнұраны шырқалды – видео
Фото: sports.kz
237
оқылды
Софияда (Болгария) өтіп жатқан бокстан "Странджа " халықаралық турнирінде Қазақстанға алғашқы «алтынды» Назым Қызайбай әкелді. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі "кіші әлем чемпионатының" финалында Қызайбай алжирлік Румайсой Буалемен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті — 5:0. Осылайша, Назым Қызайбай Қазақстан құрамасы үшін бірінші алтын медальді жеңіп алды және турнирде алғаш рет Қазақстанның Әнұраны шырқалды. Сондай-ақ күндізгі сессияда Қазақстаннан Дамир Әбдіқадыр (51 кг) мен Дина Жоламан (54 кг) шаршы алаңға шықты, алайда олар турнирді күміс медальмен аяқтады.