Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда – тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.