Қазақстандық көпбалалы ана қоқыстан тамақ теріп жүр
Қазақстандық көпбалалы ана қоқыстан тамақ теріп жүр
Сурет: depositphotos.com
185
оқылды

Экономист Мақсат Халық дүниежүзілік банк келтірген дәйектерді алға тартып, елде 2 миллионнан астам адам кедейшілікте өмір сүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы 31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасында айтылды.

"Бізде келтірілген статистиканың қате екеніне көз жүгіртсек, онда дүниежүзілік банктің мәліметінің растығына сүйенуге болады. Бізде кедейшілік деңгейі халықтың 12%-ын қамтыса, бұл 19 млн халықтың 2 млн 300 мыңы кедей деген сөз", – деді Мақсат Халық.
"Абай" ауданындағы "Бақытты отбасы" орталығында орналасқан "Ана тілегі" қоғамдық бірлестігінің өкілі Әсем Жолдасбекова соңғы уақытта жұмыс іздеп, жәрдем сұрап келетін көпбалалы аналар санының көбейіп бара жатқанын айтады. Сондай-ақ, ол көпбалалы аналардың жұмыссыз қалуына "Қаңтар" оқиғасының себеп болғанын айтты. Тіпті, бірлестіктің қоқыстан нан іздеген анаға көмек көрсеткен кезі болған екен.
"Қоқыс жинайтын бір ана болды. Жүгіріп жүріп, сол ананың жағдайын түзедік. Қоқыстан тамақ алып жеуге болмайтынын түсіндірдік. Балаларын интернатқа орналастырып, "Бақытты отбасы" орталығы ол кісінің балаларын шипажайға алып барды", – деді Әсем Жолдасбекова.
Қоғамдық бірлестік жетекшісі бір бөлмесін жалға беретіндердің жұмысы үкімет тарапынан қадағаланғаны жөн деген ұсыныс айтты.
"Бұрын пәтер бағасы арзан болатын. Қазір ең азы 50 мың теңге тұрады. Ең төмен жалақы 42 500 теңгеден 60 мыңға дейін өсті. Осы айлыққа жұмыс істеген адам зейнетақы мен салықты төлеген соң қолына 40 мың алып, соны пәтерге төлейді", – деді бірлестік жетекшісі.