Қазақ қызы күрестен халықаралық турнирде алтын алды
Қазақ қызы күрестен халықаралық турнирде алтын алды
Сурет: United World Wrestling / Tony Rotundo
390
оқылды

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz

72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова барлық қарсыласын тізе бүктірді. Ол Литва, Түркия, Ресей балуандарын ұтып, ақтық сында германиялық Анна Карменн Шелді 8:2 есебімен жеңді. 76 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева турнирдің қоласын қанағат тұтты. Ол кіші финалда АҚШ балуанын ұтқан.