«Қазақтың Ломаченкосы» жекпе-жексіз алтын жеңіп алды
«Қазақтың Ломаченкосы» жекпе-жексіз алтын жеңіп алды
153
оқылды

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Софияда (Болгария) өткен Странджа халықаралық турнирінде 54 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

54 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Махмұт Сабырхан финалда жергілікті боксшы Ясен Радевпен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша, Махмұт Сабырхан аталған турнирдің алтын медальына айқассыз қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынынаалғашқы алтын медальды әйелдер арасынан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіп алған болатын. Сондай-ақ бүгін Дулат Бекбауов (67 келі) Дания елінің өкілі Николай Тертерянмен кездессе, Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі. Ал, Валентина Хальзова (70 келі) ресейлік Галина Головченкомен шеберлік байқасады.