Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
439
оқылды
Синоптиктер 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай, облыстың батысы мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, желдің жылдамыдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады, облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, батысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі.