Странджа кубогі: қоржынымызға төртінші алтын медаль түсті
Странджа кубогі: қоржынымызға төртінші алтын медаль түсті
274
оқылды
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Софияда (Болгария) өткен Странджа халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz. 86 келіге дейінгі салмақтағы «алтын» үшін шешуші белдесуде Тоғамбай украиналық Сергей Горсковпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілердің шешімімен Тоғамбайдың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Сағындық Тоғамбай турнирдегі өнерін алтын медальмен аяқтады – бұл Қазақстанның турнирдегі төртінші алтыны. Бұған дейін әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 келі) пен Валентина Хальзова (70 келі), ерлер арасында Махмуд Сабырхан (54 келі) чемпион атанған болатын. Сағындық Тоғамбай жастар арасындағы Азияның үш дүркін чемпионы атанған.