Маңғыстауда 185 келі марихуананы тасымалдағандардың арасында 38 жастағы әйел де бар
Маңғыстауда 185 келі марихуананы тасымалдағандардың арасында 38 жастағы әйел де бар
Фото: polisia.kz
136
оқылды

Маңғыстауда 8 қорапқа салынған 185 келі марихуана тәркіленді, – деп жазады Polisia.kz.

Полицейлер өнеркәсіптік аймақтағы қоймадан ГАЗель көлігіне жүк тиеу кезінде үш адамды ұстады. Тінту кезінде ГАЗель көлігінен жалпы салмағы 185 келі 980 грамм сары түсті марихуана бар сегіз қорап табылды. Есірткіні оңтүстік облыстардан Маңғыстауға одан әрі өткізу мақсатында әкелген.
38 жастағы әйел мен 28 және 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
https://youtu.be/NNopyLW0MBc

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.