Түнде «Алтын арба» базары өртенді

Түнде «Алтын арба» базары өртенді

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қаладағы ең үлкен базар өртенді. Өрт үш фастфуд сататын кафені шарпып, аумағы 500 шаршы метрге жетті.

Өрт сөндірушілерге сағат 01:03-те Қарағанды қаласы Затаевич көшесіндегі ғимарат өртенгені туралы хабар түскен.
«Алтын арба» базарындағы үш дәмхананың ағаш қаптамалары, жылытқыш материалдары, жиһаздар, құрал-жабдықтар және асханадағы керек-жарақтар жанды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 01:52-де сөндірілді», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін Президент Үкімет пен Алматы облысы және қаласының әкіміне бірлесіп, «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.