Әуежайда полицейді жаралаған ер адам қамауға алынды
Әуежайда полицейді жаралаған ер адам қамауға алынды
Фото: commons.wikimedia.org
129
оқылды

Атырау әуежайында полицеймен жаға жыртысқан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.

Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында полицеймен жанжалдасқан 25 жастағы ер адам ұсталды.
«Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғынына қатысты билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану дерегімен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұсталған ер адам «Атырау–Нұр-Сұлтан» бағытындағы рейс бортында мас болған. Ол заң талабын орындаудан бас тартып, тәртіпке бағынбады. Полицейдің киімін жыртып, денесін жарақаттады», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңалбек Бекиев.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.